714

35 градусқа дейінгі аптап ыстық: Алдағы күндерде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары Қазақстан аумағы бойынша 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында алдағы күндері ауа температурасы көтеріліп, күн ысиды.

35 градусқа дейінгі аптап ыстық: Алдағы күндерде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
riac34.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Температуралық фонға келcек, республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 градус көтеріледі. Ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 27-35 градусқа дейін біртіндеп көтерілмек.

Материал авторы