Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады

01.06.2024, 11:14
913
Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады Aqorda

Алматыдағы әуежайдың жаңа терминалы рейстерді қабылдап үлгерді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауына сәйкес көлік-логистика саласы еліміздің экономикалық дамуының локомотивтерінің бірі болуға тиіс. Соған сай Алматы әуежайында жаңа терминал ашылды.

Жаздың бірінші күні Алматы әуежайының жаңа терминалы
алғашқы рейстерді қабылдады.

"Air Astana әуекомпаниясының Лондон-Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі таңғы 8:50-де әуежайға келіп қонды (КС-664 рейсі). Әуе кемесінде  94 жолаушы болды. Ал сағат 09:50-де алғашқы болып Алматы-Доха бағыты бойынша Air Astana әуе компаниясының әуе кемесі ұшты (КС-653). Бортта 166 жолаушы бар”, – делінген хабарламада.

Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды.

Алматы әуежайындағы жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы – 53 мың шаршы метр.

Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 лента қарастырылған. Ол жылына 14 млн жолаушыны өткізуге қабілетті. 

Алдағы уақытта әуежайдан 10 елге 15 халықаралық маршрут бойынша отандық және шетелдік компаниялар қатынайды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды