Түркия НАТО-ның Украинадағы соғысқа қатысуына қарсы шықты

01.06.2024, 13:14
673
Түркия НАТО-ның Украинадағы соғысқа қатысуына қарсы шықты Reuters

«НАТО-ның бұл соғысқа қатысқанын қаламаймыз» дейді Түркияның сыртқы істер министрі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Солтүстік Атлантика альянсының Украинадағы соғысқа қатысуына қарсы шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Соғысқа қатысты мұндай көзқарасты Хакан Фидан Прагада НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркия Украинаға қару беруді қолдайды, бірақ НАТО-ның соғысқа "қатысуын" қаламайды.

 

– Түркия Украинаға көмек көрсетуді және Украинаның Ресейді тежеу қабілетін қолдайды, бірақ біз НАТО-ның бұл соғысқа қатысқанын қаламаймыз.

Біз осы екі нәрсенің арасында мүше елдердің де, НАТО-ның да тепе-теңдігі сақталуы керек деп санаймыз, - деп қосты Фидан.

Түркия СІМ басшысы басқа жағдайда қақтығыс аймаққа таралып, одан да жаман дағдарыстар туғызуы мүмкін екеніне сенімді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Венгрия премьер-министрі Kosshut радиостанциясына берген сұхбатында Еуропалық Одақ пен НАТО Ресеймен соғысқа дайындық сатысында екенін айтқан болатын.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды