894

Павлодар облысында дәрігерден телефонмен кеңес алған ер адам әйелін өзі босандырып алған

Павлодар облысындағы Майқайың ауылының тұрғыны жедел жәрдем диспетчерімен телефон арқылы кеңесіп, әйелін босандырып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Павлодар облысында дәрігерден телефонмен кеңес алған ер адам әйелін өзі босандырып алған
vsn.com.ua

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 103 қызметіне шұғыл қоңырау таңғы төрттер шамасында түскен. 

Ер адам 24 жастағы әйелінің толғағы жиілей бастағанын хабарлады. Диспетчер дәрігерлер тобын сол жерге жіберіп, өзі болашақ әкеге телефон арқылы нұсқау берген.

Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенде нәресте әлдеқашан дүниеге келіп қойды.

"Баланың салмағы – үш келі, бойы – 52 сантиметр. Бала мен оның анасы бірқалыпты жағдайда Майқайың ауылдық аудандық ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен.

Бұл жыл басынан бері ауруханада босанбаған 13-жағдай. Бес рет дәрігерлер сәбиді жедел жәрдем көлігінде босандырса, тағы сегіз әйел үйде босанған.

Материал авторы