«Менен он есе талантты адамдардың жолы болмады»: Азамат Сатыбалды басшылық қызметі туралы (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
01.06.2024, 19:56
2374
«Менен он есе талантты адамдардың жолы болмады»: Азамат Сатыбалды басшылық қызметі туралы (ВИДЕО) ortcom_kz

«Көбінің жолы болмады, қалып қойған» дейді «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті, танымал актер Азамат Сатыбалды басшылық қызметіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жұмысына баға беріп, басшылық қызметте нені үйренгенін айтты.

«Мен басшылық қызметте өзімді толық бағалап үлгерген жоқпын. Мен кез келген жұмысты қызмет деп есептеймін. Бұл басшылық қызмет емес, бұл өнерге қызмет деп есептеймін. Өнер маған көп дүние берді. Мен өнер жолында өзімнен он есе талантты адамдарды көрдім. Бірақ олардың көбінің жолы болмады, қалып қойған. Сол сәтте маған «Неге мен? Неге ол емес?» деген сұрақ келеді. Демек өнердің құдайы маған назар аударып, көп нәрсе берді. Мен өзіме беріліп жатқан абырой мен ырзық-несібені ойласам, қорқып кетемін. Осыншама ырзық беріп жатқанда неге өнер үшін жұмыс жасамасқа?! Мен өнерден қанша алсам, солай өнерге беру арқылы қызмет жасағым келіп тұр. Бұл да уақытша деп ойлаймын», - деді актер «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында.

Сонымен қатар Азамат Сатыбалды басшылық қызмет өзін неге үйреткенін айтты.

«Басшылық қызмет туралы әркім әрқалай айтатын шығар. Менің жеке толғанысым, пайымым бар. Алла тағала, өнердің иесі мені үлкен тәкаппарлықтан қаққан сияқты. Тәкаппарлық үлкен кешірілімейтін күнә. Мен отбасымда ерке болып өстім. Мендей еркелеген бала болмаған шығар. Кейін танымалдылық та мені еркелетті. Үйдегі келіншегім де еркелетті», - деді ол.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)