1252

Елімізде азық-түлік бағасы арзандағаны рас па? Ұлттық статистика бюросы нақты сандарды көрсетті

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда арзандағаны айтылды.

Елімізде азық-түлік бағасы арзандағаны рас па? Ұлттық статистика бюросы нақты сандарды көрсетті
depositphotos

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалып, ал жылдық мәнде 0,6% төмендеген.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, - делінген бюро таратқан хабарламада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 28 мамыр/:

Күріш – 491 тг/кг

Қырыққабат – 128 тг/кг

Пияз – 116 тг/кг.

Ұлттық статистикалық бюроның мәлімдеуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Материал авторы