Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

03.06.2024, 11:25
684
Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды kairat4/Instagram

Париж Олимпиадасы аяқталғаннан кейін дәстүрге сай паралимпиадашылар жүлдені сарапқа салатыны белгілі.

Дүбірлі дода қарсаңында Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланған кәсіпкер Қайрат Боранбаев жоспарларымен бөлісті.

«Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Мені қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру жолындамыз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Жоспарымыз көп», - деді Қайрат Боранбаев өзінің әлеуметтік парақшасында.

Оның айтуынша, бүгінде Франция астанасы Парижде жалауын желбірететін Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынбақ.

«Менің мақсатым-паралимпиадалық спорттың тиімді жүйесін құру және Қазақстанның өңірдегі спорттық көшбасшылығын нығайту. Осы жолда мені қолдайтындардың барлығына ризамын!», - деді ол.

Ақбота Керімбекова Қытайға барып, 7 айдан бері көрмеген ұлымен қауышты Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ «Әйел де жетісіп тұрған жоқ»: Ырысбала Икрамбай актер Шәріп Серікті жақтады Оралдық қыз кездесуге арнайы ұшып келген италианды «лақтырып кеткен» Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек Ақтаулық қария тойда қонақтардың телефонын ұрлаған Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті «Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты «2 млн теңгеге сөмке аламын»: Маржан Арапбаева брендке қатты қызығатынын айтты «Ұзын етекті көйлектер ұнамайды»: Баян Мақсатқызының жаңа образы қызу талқыға түсті Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді Қарағандылық бас тергеуші қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған Алматыда ер адам әйелді темір сойылмен ұрған (ВИДЕО) Астанаға әйгілі Дженнифер Лопес келеді Еліміздің су қоймаларындағы бүгінгі жағдай қалай? «Әже» кітабының тұсауы кесілді «Жаңбыр, найзағай»: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ресей үшін соғысқан қазақстандықтар Украинада тұтқын боп отыр