Сөйлесуге мүлдем уақыты жоқ: Танымал сазгер Тоқтар Серіковті сотқа бермек

04.06.2024, 09:25
1620
Сөйлесуге мүлдем уақыты жоқ: Танымал сазгер Тоқтар Серіковті сотқа бермек aikyn.kz

Себебі Серіков Мамырбектің әнін ұрлап алған.

Сазгер Арайлым Мамырбек танымал әнші Тоқтар Серіковті сотқа беретінін мәлімдеді, деп жазады Aikyn.kz.

"Бір күні ақпан айында оның концертін көзім шалып қалды. Бір кісі "Мынау сенің әнің ғой" деп салып жіберіпті. Сөзін өзгертіп тастаған. Әуені айнымай ұқсап тұр енді. Жатып кеп телефон нөмірін іздедім, тапқан нөмірдің бәріне "Мына екі ән қалай ұқсап кеткен" деп жаза бердім. Үн жоқ, екінші рет қайта жазғанда мені бұғаттап тастады. Сосын көмекшісіне телефон соғып едім, "Ол кісі қазір концерттерден босамайды. Сізбен сөйлесуге мүлдем уақыты жоқ" деп жауап берді. "Әлгі әнді концерттерде айтпасын, алдымен менімен кездесіп, осының ақ-қарасын ажыратып алайық" деп оған айтып едім, "Жоқ, ол әннің сөзі де, әні де Тоқтардыкі" деп мойындамады. "Сіздің әніңіз соншалықты хит пе еді, байбалам салатындай не көрінді" деп өзіме қарсы шықты", – деді сазгер Assyltas TV Youtube-арнасына берген сұхбатында.

Арайлым Мамырбек бұл әнді 2021 жылы жазған екен. Бірақ сөзі ұнамай, артынша басқа ақынға қайта жаздырған көрінеді.

"Сөзін Светқали Нұржан ағаға қайта жаздырғам. Ол кісі бірден келісіп, 2022 жылдың сәуір айында "Баба дала баяны" деген атпен ән толық жазылып бітті. Бірақ дер кезінде оның аранжировкасын істеп, бейнебаянын түсіре қоятын қаражат болмады. Біраз жүріп қалдық. Қараша айында орындап шықтық, сайттарға тарқаттық. Мына жағдайдан кейін мен әлеуметтік желіде "Әнімді қайтарыңыз, Тоқтар аға!" деп пост жазып салдым. Ол кісі бәрін біліп, естіп отыр. Бірақ бір рет менімен байланысқа шығып, "Бұл былай еді, қарындасым" деп мәселені шешуге тырысқан жоқ", – деді Арайлым Мамырбек.

Сазгер енді Серіковті сотқа беретінін айтты.

"Сәуір айында Тоқтар Серіков ләм-мим деместен менің әнімді "Ауылым" деген атпен бүкіл платформаларға таратып тастады. Осы жағдайдан кейін менің жүйкем сыр берді. Ішімнен шыққан әнімді айдың-күннің аманында иемденіп кете салғаны жаныма батты, денсаулығым нашарлап кетті. Елдің бәрі "Сен Тоқтардың әнін ұрлап айтып жүрсің" деп жазатын болды. Осыдан кейін сотқа шағымданып, әнімді өзіме қайтарып алғым келеді. Дәлелдеуге шамам жетеді, материалдық және моральдық шығын талап етемін", – деді Арайлым Мамырбек.

Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды