Елордада Comic Con Astana III Халықаралық фестивалі өтеді

04.06.2024, 13:15
692
Елордада Comic Con Astana III Халықаралық фестивалі өтеді Comic Con Astana

2024 жылдың 25-28 шілде аралығында Астанада Comic Con Astana III Халықаралық фестивалі өтеді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Comic Con Astana-комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған фестиваль болып табылады. 

2024 жылдың ауқымды іс-шарасында тағы да халықаралық студиялар, продюсерлер, танымал блогерлер және кәсіби косплей-әртістері қатыспақшы.

Фестиваль бағдарламасы қолтаңба сессияларды, премьераларды арнайы көрсетілімдер мен презентацияларды, косплей-шоулар, комикстер аллеяларды, музыкалық орындаушылар мен би топтарының қойылымдарын құрайтын болады. Әлемдік студиялар фестиваль алаңында өздерінің интерактивті-ойын-сауық стендтерін ұсынатын болады.

Фестиваль шоу бағдарламасының дәстүрлі элементі 12 000 000 теңгелiк жүлде қоры құрайтын халықаралық косплей байқауы болмақ. Қазылар алқасының құрамында Даниядан келген талантты косплеер және Trine костюмдерінің мастеры болады.

«Биылғы фестиваль несімен ерекшеленеді? Әрине, шоу-бағдарламаның өзіндік ерекшеліктері және шоу-бизнес пен косплей индустриясының әртүрлі салаларындағы жарқын, талантты қонақтардың құрамына дейін жанкүйерлерімізге ұнайтын барлық заттарды ескеруге тырыстық,

Сонымен қатар, біз фестивальдің барлық «фишкаларын» ұзартуға тырыстық, сондықтан биыл Comic Con Astana 3 күн емес, толық 4 күн өтетін болады. Және де іс-шараның өтетін орны Конгресс-орталықтан «EXPO» халықаралық көрме орталығына ауыстырылды.  Осы орында фестивальдің өтетін күндер аралығында 100 000 қонақтарымызды күтетін боламыз.

«Біздің фантастикалық шабуылымыз одан да ауқымды болмақ!», – деп жауап берді фестивальдің бас продюсері Наталья Абрашкина.

Comic Con Astana-2024 тағы да атақты голливуд жұлдыздары қатыспақ. Сонымен 2019 жылы фестивальдің басты хедлайнері «Игра престолов» сериясындағы Эурон Грейджой рөлін сомдаған Пилу Асбек болған. 2023 жылы іс-шараның басты кейіпкерлері «Стражей Галактики» мен «Мстители: Финал» Шон Ганн мен Майкл Рукер  болды және сонымен қатар «Фантастические твари: Тайны Дамблдора» фильмінің актері Александр Кузнецов болды.

Арнайы қонақтардың арасында видеоблогерлер Chuck Review, Anastasiz және Ян Топлес, дубляж актерлері Всеволод Кузнецов, Петр Гланц, Ислам Ганджаев, Егор Васильев, суретші-иллюстратор Джуни (Djuney9) шақырылды.

«Ведьмак» жанкүйерлері үшін Германиядан келген косплеер,  Maul Cosplay ретінде танымал болған Геральт Бен Шамма күтпеген тосынсый болады.

Тағы да арнайы қонақ болып суретші, визуал новелла мен survival horror жанрында орындалған «Зайчик» компьютерлік ойындарының авторы және продюсері Saikono Joker шақырылды.

Сонымен қатар конвентке Принц Лимон мен Аконя – дорамаларды, сондай-ақ корей фильмдерін аударуға және дауыстауға маманданған танымал SoftBox студиясының негізін қалаушылар қатысады. Принц Лимон мен Аконя – Қазақстанның ерлі-зайыптылары, дубляждың талантты актерлері Юрий және Аруна Ким.

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты