Мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуіне және букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынды

05.06.2024, 11:38
813
Мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуіне және букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынды Pіxabay.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл ең көп талқыланған заң жобасы болды. Оның көтеріліп, заң жобасы ретінде әзірленіп, үздіксіз талқыланып келе жатқанының өзіне 2 жылдың жүзі толды. Үкіметтің қорытындысын алудың өзіне 1,5 жылдай уақыт кетті. Қоғамдық диалог алаңдарында да, Парламент қабырғасында да кеңінен талқыланды. Бұл осы мәселенің аса өзекті екендігін көрсетеді. Бұған Мемлекет басшысының өзі бірнеше рет арнайы тоқталып, оны ауыздықтау жөнінде нақты тапсырма берді», - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Оның айтуынша, заң аясында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға шектеу қойылған адамдардың тізімі анықталды. Құмар ойындарға өзіне-өзі тыйым салудың мерзімі бір жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды. Енді, өзіне тыйым салынған мерзімді ерте тоқтату мүмкін болмайды.

«Егер адам ойнағысы келсе де, ойнай алмаса, онда бұл оның жауапкершілігі. Өйткені ол өзін-өзі шектеу құжатына қол қойған кезде барлық заңды міндеттемелерді саналы түрде қабылдаған еді», - деді депутат.

Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шамамен 280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады.

Мұнымен қоса, байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуіне тыйым салынды. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалау барынша шектелген.

Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына, онлайн-казиноларға тыйым салынды. Енді онлайн-казиноларды ұйымдастырушыларды 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды