«Педофилияны ашық көрсетіп жатыр»: Журналист үнді сериалын көрсеткен Astana телеарнасын сынға алды

05.06.2024, 14:39
2771
«Педофилияны ашық көрсетіп жатыр»: Журналист үнді сериалын көрсеткен Astana телеарнасын сынға алды Kyn.kz

Ол салық төлеушілердің есебінен күнін көріп отырған арналардың контент үшін жауап беруін талап етті

Журналист Кәмшат Тасболат ASTANA телеарнасын сынға алды. Айтуынша, арна педофилияны ашық көрсетіп, бала құқығын бұзатын өнім көрсетіп жатыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Журналист Astana арнасында көрсетіліп жатқан үнді сериалын экраннан алып тастау керектігін айтты.

«Масқара! Astana арнасында бала құқын бұзатын, педофилияны ашық көрсететін «Қорғаушы ханым» атты үнді сериалы боп жатыр! Шыны керек, отандық арнаның мұншалықты қоқыс жәшігіне айналғанын білмеппіз. Ақпарат министрлігі, Бала құқын қорғайтын ұйымдар, омбудсмен, Президент жанындағы әйелдер мәселесімен айналысатын комиссия, депутаттар назар аударатын дүние», - дейді Кәмшат Тасболат.

Сондай-ақ, ол адамның психикасына кері әсер ететін контент жасап отырған арналардың жауап беруін талап етті.

«Сериалға келсек, шамамен 9-10 жасар қыз (бойы ересектердің белінен келеді) төсекте неке түнін күтіп жатыр. Күйеуі 18-20 жастан асқан еркек. Одан сорақысы, бөлмеге 50-60-тағы шал кіріп кетіп, кішкентай баланы аяғынан сипалап, аймалай бастайды. Шыны керек, адамның жүйке жүйесіне, психикасына кері әсер ететін видео. Осыдан кейін елімізде педофилия қылмысы неге көбейді деп несіне таң қаламыз, егер мемлекеттік арнадан мынандай азғындық ашықтан-ашық көрсетіліп жатса?! Адамның жүрегін айнытатын, аздыратын мына сериалды эфирден алып тастау керек! Бұрынғыдай әр сериалды сараптан өткізу керек. Салық төлеушілердің есебінен күнін көріп отырған арналар контент үшін жауап берсін!» – деді ол.

ASTANA телеарнасы – AMANAT партиясы NUR MEDIA медиахолдингінің құрамында екенін еске сала кетейік.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді