Павлодарда әкім сыйлаған ішімдікке тойып алған ер адам үйін де, әйелін де өртеп жіберді

05.06.2024, 13:50
653
Павлодарда әкім сыйлаған ішімдікке тойып алған ер адам үйін де, әйелін де өртеп жіберді

Ауылдық округтің әкімі Жеңіс күнінде жергілікті тұрғынға ішінде бір бөтелке ішімдігі бар азық-түлік себетін сыйлаған.

Әлгі азамат әкім берген араққа сылқия мас болып, абайсызда үйін өртеп жіберген. Өкінішке қарай, сол уақытта үйде болған азаматтың жұбайы да тілсіз жаудың құрбаны болып кете барды.

Келеңсіз оқиға Павлодар ауданының Григорьевка ауылдық окргінде болған. Бұл туралы аталған ауданның прокуратурасынан хабарлады.

«Павлодар ауданына қарасты ауылдық округтердің бір әкімі Жеңіс күнінде ішіне азық-түлік және 0,5 көлеміндегі арақ салынған себетті жергілікті тұрғынға сыйлаған. Азамат – Ауған соғысының ардагері. Ол әлгі араққа мас болып, байқамай үйін өртеп алған. Тап сол уақытта әйелі үйде болған. Әйел адам тілсіз жаудың салдарынан қаза тапты», -деп мәлімдеді аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Опабеков.

Прокурорлар округ әкімінің мұндай оспадар қылығы моральдік нормаларға қайшы келетінін жеткізді. Аудан прокуратурасының актісі бойынша ауылдық округ әкімі қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады