Қазақстан реформалар жолымен сенімді қадам басып келеді – Мемлекеттік кеңесші

05.06.2024, 15:59
770
Қазақстан реформалар жолымен сенімді қадам басып келеді – Мемлекеттік кеңесші Ақорда

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының миссиясына үңілді.

 

Оның пікірінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» жарқын мысалы ретінде Конституцияға өзгерістер енгізу үшін өткізілген референдумды айтуға болады.

– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырым «әділдік қалай орнайды?» деген сауалға «ел-жұртпен тығыз байланыста болып, олардың мұң-мұқтажын тыңдай білу арқылы орнығады» деп жауап беруге негізделген. Дегенмен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымы азаматтардың күнделікті түйткілдерін шұғыл әрі тиімді шешуді ғана меңземейді. Сонымен қатар, бұл тұжырымдама елімізді дамытуға қатысты басты мәселелер бойынша қоғамның барлық өкілінің пікірін ескере отырып, байыпты әрі ортақ шешім қабылданатынын аңғартады, - деді Е. Қарин.

Мемлекеттік кеңесші бұдан бөлек, негізгі төрт тұжырымның маңызына тоқталды. Олар: «Әртүрлі пікір – біртұтас ұлт», «Заң және тәртіп», «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» және «Адал азамат» ұғымы.

– «Реформалар нәтижесі қайда, уәде етілген өзгерістер қайда? Жаңа Қазақстанның түрі осы ма?» деген пікірлер айтылып қалады. Өзгерістер әп-сәтте жасала қоймайды. Реформаларды жүзеге асыру үшін орасан зор күш-жігер, қисапсыз уақыт қажет. Мәселенің мән-жайын білмейтін адамға бұл үдеріс тым ұзаққа созылып бара жатқан секілді көрінуі мүмкін. Дегенмен өзгерістер бар. Кез келген реформа – қажырлы еңбекті талап ететін аса күрделі жұмыс. Кім не десе о десін, Қазақстан реформалар жолымен сенімді қадам басып келеді, - деді ҚР Мемлекеттік кеңесшісі.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады