"Дос-Мұқасандағы" рөлім үшін тырнап алды": Әбілмансұр Серіков танымалдығы үшін таяқ жеген сәтін есіне алды

05.06.2024, 18:21
3556
"Дос-Мұқасандағы" рөлім үшін тырнап алды": Әбілмансұр Серіков танымалдығы үшін таяқ жеген сәтін есіне алды Бейнежазбадан

Айтуынша, кинодағы рөлі үшін егде жастағы апа шабуыл жасап, денесіне жарақат салған.

Отандық киножұлдыз, актер Әбілмансұр Серіков танымалдығы үшін таяқ жеген сәтін есіне алды. Бұл туралы “Айтарым бар” подкастында айтып берді.

Айтуынша, кинодағы рөлі үшін егде жастағы апа шабуыл жасап, денесіне жарақат салған. 

“Көшеде танып жататыны рас. Танымалдық әкелген түрлі рөлім бар. Үлкен буын көбіне "Дос-Мұқасандағы" кейіпкерім арқылы таниды. Осы рөліме қатысты қызықты оқиға болды. Мейрамхана алдында әңгімелесіп тұрсақ, бір апа келіп тырнағымен мойныма жармасады ғой. Шошып кеттім. "Тәте, не болып қалды?" деп сұрадым. Ол кісі маған "Неге оларға тиісе бересің?" демесі бар ма?! Сөйтсем "Дос-Мұқасан" фильмі туралы айтып тұр екен. Солай рөлім үшін жағадан алды. Ертесіне түсірілімге келсем, мойным қанталап кетіпті. Жастар қауымы "5:32", "Ауыл мұғалімі" атты жобалар арқылы таниды", – дейді актер. 

Aikyn.kz хабарлауынша, одан кейін “Әбекеңнің баласы” деп жылы қабақ танытатындарға ренжіп қалатынын да жасырмады. 

“Жазылып жатқан пікірлерге қарным ашады. Бізде білмей сөйлей беретіндер көп. Сенің қайдан шыққаныңды, қандай күй кешіп жүргеніңді білмей жаза береді. Бірақ біз де адамбыз. Біз де сол халықпыз. Тек мамандығымыз осы. Халықтың алдында жүретін мамандық қой. Көбісі түсінбейді. Арасында ештеңені білмей, ойына келгенін жаза салатындар да бар. "Олар байлар ғой, білгенін істей береді" деп жазады. Бірақ біз де пәтерде тұрамыз, бізде де несие бар, бізде де бала-шаға бар. Біз де отбасымызды көрмейміз, кешке дейін жұмыс істейміз. Десе де бірінші болып бізді сынайды. "Әбекеңнің баласы, соның арқасында жүр" деген сөздер қатты тиетін. Бірақ қазір оған да мән бермейтін болдым" – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді