Қазақстандық саясаткер, Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқаннан кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жалған ақпарат бойынша қылмыстық істің қозғалғанын растады.
Алайда Айтбек Амангелді өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білмейтінін айтты.
Министр Ержан Сәденовтің айтуынша, қозғалған қылмыстық іс бойынша фигуранттардың ішінде Айтбек Амангелді бар.
"Іс бар, бірақ нақты бір адамға қарсы қозғалған жоқ. Біз мәлімдемелерді тексереміз”, – деді Сәденов.