Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті

05.06.2024, 19:05
720
Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті gov.kz

Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов қызметінен кетті. Бүгін Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

 

Ринат Ибрагимов Мақат ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кеткен. Ол бұл лауазымына 2022 жылғы наурызда тағайындалған. Бұл тағайындауға дейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.

Ал, жақында бұрынғы әйелі Ринат Ибрагимовтен зәбір көргенін айтты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен тергелгенін хабарлады. Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жіберілген.

Кейін Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аудан әкімінің бұрынғы жұбайы әкімдікке жүгінбеген болып шықты. 

«Азаматша А.Үмбетқалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Туындаған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды», - деп хабарлаған еді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық істің қаралып жатқанын растады.

«Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 29 мамырда сағат 10:00-де өтеді», - деп хабарлаған болатын облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Осыған байланысты Ринат Ибрагимовтің өзі түсінік беріп, пікір білдірді. Оның айтуынша, бұрынғы әйелімен ортақ балалары өзімен бірге тұрады. 

«Бұрынғы жұбайымның менің атыма таққан негізсіз айыптаулары мен жалған ақпараты БАҚ-та кеңінен тарап кетті. Бұрынғы жұбайым әртүрлі әлеуметтік желіде тараған соңғы оқиғаларға байланысты менің лауазымды тұлға екенімді біле тұра, осындай мәлімдемелер жасап жатқан сияқты. Біздің ортақ балаларымыз – 2 қызым менімен бірге тұрады. Олар махаббат пен сүйіспеншілікте өмір сүруде. Мұндай шешім екі қызымның қалауы бойынша қабылданды. Бұдан басқа бұл туралы соттың заңды шешімі де шықты. Шабуыл жасады деген айыптауларға келсек, қазір сот процесі жүріп жатқандықтан, БАҚ өкілдерінен асығыс қорытынды жасамауды сұраймын», - деді Ринат Ибрагимов. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды