«Есіме түссе, қалтырап кетемін»: актер Азамат Сатыбалды ұлы Абайдың рөлін сомдағанына қынжылатынын айтты

06.06.2024, 09:21
1709
«Есіме түссе, қалтырап кетемін»: актер Азамат Сатыбалды ұлы Абайдың рөлін сомдағанына қынжылатынын айтты aikyn.kz

Актер Абайдың рөлін тым жас кезінде сомдағандықтан тұлғаның образын толық аша алмадым деп ойлайды.

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында Абай Құнанбаевтың рөлін ойнағаны үшін қынжылатынын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актер Абайдың рөлін тым жас кезінде сомдағандықтан тұлғаның образын толық аша алмадым деп ойлайды.

«М.Әуезов театрында Абай рөлін ойнағаным үшін әлі күнге дейін қынжыламын. Кейде бір рөлдер болады, адамға бір мініс бергізбейді, ал кейбір рөлдер адамға ерте келіп қояды, уақытынан бұрын. Мен Абайды 30 жасымда ойнадым. 30 жастағы албырт бала қалай Абайдың философиясын жеткізеді? Тұлғаны? Қалай өзіңе сіңіріп, қорытып, оны көрерменге жеткізесің? Өте қиын ғой. Мен енді Есмұхан Обаевқа қарсы келе алмадым, ол менің өнердегі әкем болды. Мүмкін ол мені сындырғысы келді, Абаймен сынағысы келді, өсіргісі келді. Мен ол кісіге ешқандай қарсылық білдіре алмаймын. Мен ол кісінің ішінде не жатқанын білмеймін. Өзінің бір мақсаты бар шығар деп ойлаймын. Енді, сол Абай рөлін ойнау мен үшін өте ауыр болды, қиынға соқты. Әлі күнге дейін жүрегім ауырады, әлі күнге дейін есіме түссе, қалтырап кетемін. Қазір берсе, мүлде басқаша ойнар едім. Мен қазір басқа жастамын. Өмір көрдім, тепкі көрдім, ел, ұжым басқарып көрдім», - дейді актер.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды