Жылдамдықты жиі асыратын InDrive және Яндекс Go жүргізушілері тасымалдан шеттетілуі мүмкін – Көлік министрлігі

06.06.2024, 11:05
654
Жылдамдықты жиі асыратын InDrive және Яндекс Go жүргізушілері тасымалдан шеттетілуі мүмкін – Көлік министрлігі Яндекс Такси/Facebook

Көлік министрлігі жылдамдықты жиі асыратын InDrive және Яндекс Go жүргізушілерін жолаушы тасымалдаудан шеттетуі мүмкін.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.  

Аталған шараларды ҚР Көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр

«Қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады», — делінген хабарламада. 

Жалпы ҚР Көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Яндекс Go және inDrive арасында қол қойылған Меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді.

«Құжатты іске асыру аясында платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады. Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат — республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Компания өкілдерінің айтуынша, биыл екінші тоқсанның соңына қарай мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке қажеттіліктері мен кішкентай балаларға арналған орындықтарға қатысты ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін қосымша функцияны енгізу жоспарда бар.

Айта кетерлігі, жыл басында Көлік министрі Марат Қарабаев мобильді такси қызметіне тапсырыс беретін қосымшалар операторларының өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Отырыс барысында автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігі және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне ішкі корпоративтік талаптарды енгізу мәселелері талқыланған еді. Отырыс қорытындысы бойынша жолаушыларды тасымалдау саласындағы түйткілді мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды енгізу ұсынылып, нәтижесінде бұл шаралар Меморандумда көрініс тапты. Сондай-ақ такси агрегаторының өкілдеріне жүргізушілердің жұмыс және демалыс тәртібін сақтау талаптарын күшейту ұсынылған болатын.

«Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды