783

Қызылордада көп мөлшерде дәрі ішкен оқушы ауруханаға түсті

Қызылорда қаласында 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан көп мөлшерде дәрі ішіп, ауруханаға түскен.

Қызылордада көп мөлшерде дәрі ішкен оқушы ауруханаға түсті
canva.com
Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл оқиға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған оқиғаға байланысты білім бөлімі төмендегі мәліметті жеткізеді. Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан дәрі ішіп, ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық білім бөлімінен.