691

Маңғыстауда ауыр жүк көліктеріне республикалық жолдарда жүруге шектеу қойылды

Аймақта 1 маусымнан бастап ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Маңғыстауда ауыр жүк көліктеріне республикалық жолдарда жүруге шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Енді салмағы 8 тоннадан асатын көліктер республикалық маңыздағы автожолдарда жүрмейді. Шектеу 31 тамызға дейін жалғасады.

Мамандардың айтуынша, күн қатты ысыған кезде асфальттің беті ериді. Сондықтан жүк көліктердің салмағынан көтере алмайды.

«Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тас жолдарында осы жылдың 1 маусымынан 31 тамызы аралығында жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерге жүруге тыйым салынды. Ауа температурасы 25 градустан асқан жағдайда, сағат 10:00 - 22:00 аралығында жүруге болмайды. Себебі күн ысыған кезде жолдың жабыны еріп, балқиды. Ал жүк көліктері жүрген кезде жол бойында толқындар пайда болады. Сондықтан уақытша шектеулер енгізіліп отыр», - дейді жолдың сапасына жауапты мекеме өкілі Ерлан Биялиев.