Ультражұқа HONOR 200 Lite смартфоны Қазақстанда сатылымға түсті

06.06.2024, 15:41
289
Ультражұқа HONOR 200 Lite смартфоны Қазақстанда сатылымға түсті

HONOR жаһандық технологиялық бренді ультражұқа әрі функционалды HONOR 200 Lite смартфонының Қазақстанда сатылуы басталғандығы туралы жариялады.

Жаңа модель көркем дизайн, жылтылдамайтын экран мен түйсік деңгейіндегі пайдаланушылық интерфейстің мінсіз үйлесімін ұсынады.

Суреттердің теңдессіз озық сапасы үшін аса жарқыл жылтылдамайтын дисплей

HONOR 200 Lite смартфоны ультражұқа жиектері бар 6,7 дюймдік AMOLED дисплейінің1 арқасында пайдаланушыны лезде контент әлеміне көшіреді. Гаджеттің экраны аса жарқын күн жарығында да түстері айқын әрі қанық суретке кепілдік береді, сондай-ақ интерфейстің бірқалыпты жұмысын және пайдаланушының әрбір әрекетіне тез жауап қайтаруды қамтамасыз етеді. 

HONOR 200 Lite смартфоны пайдаланушылардың көру қабілетіне қамқорлық таныта жасалған: инновациялық технологияның арқасында құрылғы көзге келтірілетін жүктемені жарықтылық төмен болған кезде де айтарлықтай азайтады. HONOR 200 Lite смартфоны TÜV Rheinland концернімен зиянды жылтылдаудың болмауы бойынша сертификатталған, бұл оны ұзақтап видео көруді не телефоннан кітап оқуды ұнататындар үшін мінсіз таңдауына айналдырады.

Ультражұқа дизайн және жоғары беріктік

HONOR 200 Lite смартфоны салмағы 166 г-дық2 және қалыңдығы бар болғаны 6,78 мм-лік жеңіл корпуста жасалған, бұл оны пайдалану кезінде барынша қолайлы қылады. Мұндай корпусқа қарамастан, жаңа смартфон жоғары беріктігімен ерекшеленеді және 1,65 метрге дейінгі биіктіктен кездейсоқ құлауға төтеп бере алады, бұл құлауға беріктік бойынша 5 жұлдызды SGS сертификатымен расталған. 

Фотосурет түсірудің ғажайып мүмкіндіктері

HONOR 200 Lite смартфонының камералар жүйесі 108 Мп-дік негізгі камерадан, 5 Мп-дік кең форматты камерадан және макротүсірілімге арналған 2 Мп-дік камерадан тұрады. Негізгі камера тіпті төмен жарықтылық жағдайларында да анық әрі шынайы сурет түсірілімін қамтамасыз етеді, сондай-ақ әртүрлі қашықтықтардан портрет жасауға арнайы үш түрлі түсірілім режимін қолдап, боке әсерлерін қолданады.

Таңғалдырарлық камералар жүйесіне қосымша ретінде HONOR 200 Lite смартфоны 50 Мп-дік фронталды камерамен жарақталған, бұл камера кез келген жарықта керемет жұмыс жасайды. Озық түсірілім алгоритмі  шоғырлануы дәл әрі нақтылануы жоғары портреттердің түсірілуін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі суретке түсіру кезіндегі қармау бұрышының 1x-тен 0.8x-ке дейін3 автоматты түрде ауыстырылуы кадрга барлығы да сыятын, таңғажайып топтық суреттерді түсіруге мүмкіндік береді.

Құрылғының жоғары өнімділігі

HONOR 200 Lite смартфоны 8 Гб оперативті жады мен HONOR RAM Turbo технологиясының арқасында тұрып қалуларсыз, біруақытта жұмыс жасауға, ойын ойнауға және әлеуметтік желілерде сөйлесуге мүмкіндік береді. Ал көлемі 256 Гб сыйымды сақтау орны барлық маңызды фотографиялар мен видеоны бір смартфонда сақтауға көмектеседі. MediaTek Dimensity 6080 қуатты процессорының негізінде жұмыс жасайтын Honor 200 Lite смартфоны қолданбалардың жоғары өнімділігін, 5G жоғары жылдамдықты қосылыс пен дисплейдегі жарқын суретті қамтамасыз етеді.

Жақсартылған пайдаланушылық интерфейс және ұлғайтылған автономды жұмыс уақыты

HONOR 200 Lite смартфоны бір мәрте қуатталумен қарқынды жұмыс қоңыраулары режимінде 29 сағатқа дейін, видео қарау кезінде 14 сағат және ғаламтордағы серфинг кезінде 16 сағат4 істеп шыға алады. Осының барлығы жиі қуаттау қажеттілігінсіз ұзақ уақыт жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қуатты аккумулятордың арқасында. Ал қуаттылығы 35 Вт-тық HONOR SuperCharge қуаттау құрылғысы санаулы минут ішінде қуаттандырып алуға мүмкіндік береді.

HONOR 200 Lite смартфоны түйсік деңгейіндегі түсінікті интерфейс пен сіздің ниеттеріңізге қарай икемденетін интеллектуалдық пайдаланышылық тәжірибені қамтамасыз етеді. Бұл жасанды интеллект интеграцияландырылған, аса жаңа MagicOS 8.0 операциондық жүйесінің есебінен қамтамасыз етіледі. Мысалы, Magic Portal функциясы автоматты түрде пайдаланушының ниеттерін алдын-ала болжап, контентті бір қимылмен ауыстыруға мүмкіндік береді, ал Parallel Space функциясы жұмыс пен жеке өмір үшін контактілері, файлдары мен қолданбалары бөлек, тәуелсіз виртуалды кеңістіктерді құруға мүмкіндік береді.

Түсі, бағасы және қолжетімділігі

HONOR 200 Lite смартфоны үш стильді түсте қолжетімді: Жұлдызды көк, Мұхиттай көгілдір және Түн ортасындай қара. Смартфон Қазақстанда 159990 бағасы бойынша қолжетімді болады. Алғашқы сатып алушылар сыйлыққа HONOR Choice Earbuds X5 сымсыз құлақбауларын алады. Құрылғы туралы және сату орындары туралы толығырақ ақпарат HONOR ресми сайтында қолжетімді болады.
1. Дисплейдің дөңгелектенген бұрыштарының арқасында сыртқы экранның диагоналі стандартты тікбұрышқа сәйкес өлшеу кезінде 6,7 дюймді құрайды (нақты көрінетін аумақ сәл аздау). 
2. Деректер HONOR зертханаларында алынған. Жалпы салмағында батарея қамтылған. Нақты салмағы өнімнің конфигурациясына, өндірістік үдерістерге және өлшеу әдістеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
3. Боке режимі қосылғанда фронталды камера тек 1-мәртелік шолу бұрышын қолдай алады.
4. Деректер HONOR зертханаларында алынған
5. Түс нұсқаларының қолжетімділігі өңірге байланысты өзгеруі мүмкін.  

HONOR бренді туралы

2013 жылы негізі қаланған HONOR бренді интеллектуалды құрылғылардың жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылады. Біз аса танымал жаһандық технологиялық бренд болуға және барлық сценарийлер мен арналарда және бүкіл адамдар үшін ақылды өмір деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылудамыз. Стратегиялық тұрғыдан инновацияларға, сапа мен сервиске бағдарлана отырып, HONOR бренді бүкіл әлемдегі адамдар үшін өз ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерінің және перспективалы технологиялардың шегінен тысқары шығуға, сондай-ақ өзінің инновациялық өнімдер қоржынының көмегімен барша адамдар үшін жаңа интеллектуалды әлем құруға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеумен айналысады. 

Толығырақ ақпарат HONOR ресми сайтында орналасқан.

Көпен Әмірбектің екінші әйелі сатириктің 65 жасында дүниеге келген ұлын көрсетті «Еркелік емес, ақымақтық»: Қоғам белсендісі ішімдік ішкен Мақпал Жүнісованы сынап тастады Танымал актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдықты «Екі жарым жыл ішпедім»: Мұрат Әбділдә түрмедегі өмірінің қалай өткенін айтты «Аяғындағы қатерлі ісік ажалына себеп болды»: Ақжол Мейірбековтің әйелі өнер иесінің соңғы сәтінен сыр шертті «Күдіктінің аяғы ауыр әйелі мен үш қызы бар»: Түркістан облысындағы анасы мен қызы жауыздықпен өлтірілген ауылда тұрғындар бас көтерді «Толық адамдарды жек көремін»: Меруерт Түсіпбаеваның дене бітімге қатысты пікірі жұртқа жақпай қалды «Бұл балет емес, көкпар»: Қазақстандық депутат көкпарда «қамшымен ұрды» деп шағымданған қырғызстандықтарға жауап берді Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды Ұшақтағы жолаушылардың ұшу кезінде құлақ қалқаны жарылып, мұрындары қанаған «Жақсы жаңалық...». Димаш Құдайбергеннің анасы келін түсіргелі жатқанын айтты «95 ән шығардым»: Мұрат Әбділдә түрмеде немен айналысқанын айтты Жеңіл көлікпен сиыр тасыған семейлікке айыппұл салынды Жетісу облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі табылды Қазақстанға екі аптада 600 мыңға жуық турист келген 5 адамның өмірін қиған жатақханадағы өрт бойынша үкім өзгеріссіз қалды Алдағы күндері жел күшейіп, үсік жүреді «Бірнеше әйел бір еркекке тигісі келсе неге тоқтатамыз?!»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға байланысты ойын айтты Ақтөбеде мұғалім оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған