15 жастағы жасөспірім өзін қорғағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

06.06.2024, 16:15
501
15 жастағы жасөспірім өзін қорғағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды orda.kz

Өткен жылдың маусым айында Қонаев қаласында қайғылы оқиға болды. Үш мас ер адам дүкеннен сыра ала алмай, екі жасөспіріммен төбелесіп қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өткен жазда 15 жастағы Эмиль Трапезников Қонаевтағы демалыс орындарының бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Бұл туралы Orda.kz жазды.

2023 жылы 25 маусымда кешкі сағат жетілер шамасында ол сатушының 14 жасар қызымен демалыс базасындағы дүкенде отырған. Сатушының әйелі жасөспірімдерді кассаға қалдырып, шаруаларымен сыртқа шығып кеткен. Сол кезде үш мас ер адам дүкенге кіріп, оларға сыра сатуды талап еткен. Жігіт сауда нүктесінің халал екенін және сатылымда алкоголь жоқ екенін түсіндірген. Мас жігіттер дүкеннен шығып кетіп, біраз уақыттан кейін қайта оралған. Екінші ретте де оң жауап ала алмаған соң, олар Эмиль мен 14 жасар Альбинаны балағаттай бастаған. 

 «Олар Эмиль мен сатушының қызын балағаттап, дауыс көтерген. «Егер сыра сатпасаң, бізге бар да, тауып әкел» деген. Менің ұлым ешқашан төбелескен емес, ол сол кезде бірінші рет адамға қол көтерді»,- деді Эмильдің анасы Кристина. 

Оларға көмекке дүкен иесінің 19 жастағы немере інісі келді. Алдымен сөзге келіп, арты көшедегі төбелеске ұласты.

Көше камералары бейнежазбасында ересек үш ер адам жасөспірімдермен ұрысып, ұруға ұмтылып тұрғандарын көруге болады. Келгендердің бірі Эмильдің досын қолымен мойнынан қысып ұстап алған. Осыдан кейін мас жігіттердің бірі 19 жастағы жігітті ұрмақ болып, бірақ кері соққыдан өзі жерге құлап түскен. Осы кезде екінші адам қолдарын сермеп, төбелеске қосылған. Трапезников қорыққанынан, оны жағынан ұрады. Ер адам құлап түсіп, басын жерге соғады. 26 күннен кейін ол ауруханада көз жұмған.

Сәуір айының соңында сот қатал шешім шығарды. Эмиль Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айыпты деп танылып, алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.

Бұл оқиға туралы журналист Жанна Ахметова өз парақшасында жариялады. Заңгерлер Рена Керимова, Азамат Байкенов және Елена Жигалёноктардың да іске араласуын сұраған.
«Бұл жантүршігерлік оқиға. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваға анықтама дайындап, онда істің мән-жайын жаздым. Динара Болатқызы істі бақылауға алу үшін бірден Жоғарғы сот пен Бас прокуратураға арыз түсірді. Ол бізді қолдады. Қазір мен әріптестеріммен істі зерттеп жатырмыз, үкімнің күшін жойып, оны ауыр емес бапқа өзгертуді сұраймыз: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 104-бабына сәйкес, не қажетті қорғаныс шегінен шығу, не абайсызда өлімге әкеп соғу»,- дейді заңгер Рена Керимова.

Іске жаңа адвокаттар мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қосылған соң, облыс прокурорының орынбасары Саян Бәкіров үкімге наразылық білдірді.

«Үкім шығарылғанға дейін прокуратура оларға айыптау актісін қайтаруды сұрамады және 106-баптың 3-бөлігі бойынша тағылған айыпты алып тастамады. Олар мұны үкім шыққаннан кейін жасап отыр. Олар үкіммен келіспеген сыңай танытты. Енді ғана олар істі зерделеп, әділетсіздікке жол берілгенін түсінсе керек. Соттың өте үлкен өрескел қателігі»,- деп атап өтті адвокат Керимова. 

Адвокаттың айтуынша, сот барысында жәбірленуші Эмильдің отбасымен татуласты. Олар барлық талаптардан бас тартып, ақшаны алуға дайын болды. Эмильдің әкесі 3 миллион теңге төлеген, бірақ жәбірленуші сот отырысында кенеттен бітімге келуден бас тартып, екі миллионды қайтарып берген.

«Эмильдің ата-анасы қолдарынан келгенінің бәрін істеп, ол ақшаны барлық таныстарынан қарыз алып жинады»,- деді қорғаушы.

Енді анасы тергеу изоляторынан ұлының анда-санда телефон соғуына ғана қанағаттанып, ұлының үкімі қайта қаралатынына сенеді.

Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек? Танымал блогер қыз желіде тараған «жалаңаш видеоның» экспертиза қорытындысы шықты (ФОТО)