3734

«Кімді ұрмай жатыр» деп шыдадым»: танымал реалити–шоудың қатысушысы күйеуінің қатігездігін жайып салды (ФОТО)

«QosLike» бағдарламасының қатысушысы болған блогер күйеуінің ұрып-соққанына осы уақытқа дейін шыдап келген.

«Кімді ұрмай жатыр» деп шыдадым»: танымал реалити–шоудың қатысушысы күйеуінің қатігездігін жайып салды (ФОТО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Купидон Нурка есімімен таныс блогер күйеуінің ұратынын жайып салды. Бұл туралы Kyn.kz жазды.

«QosLike» бағдарламасының қатысушысы болған әлеуметтік желіде Купидон Нурка есімімен таныс блогер күйеуінің ұратынын жайып салды. 

Айтуынша, осыған дейін ешкімге күйеуінің қол көтеретіні туралы жақ ашпаған. 

Осыған дейін мен қаншама рет қол көтергенін ешкімге айтпадым. Шыдамым таусылды. Алдыңғы ажырасатын кезімізде ұру туралы айтпаған едім. Бұл жолы бар шындықты айтып ажырасайын дедім. Қойшы күйеуім ғой кімді ұрмай жатыр қазіргі заманда деп ешкімге айтпадым, - деп жазды блогер жеке парақшасында. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор