«Босатылуына 3 ай қалған»: Теміртауда тұтқын түрмеден қашып кетті

07.06.2024, 09:54
1186
«Босатылуына 3 ай қалған»: Теміртауда тұтқын түрмеден қашып кетті ашық дереккөзден

Қарағанды ​​облысындағы ең төменгі режимдегі колониядан тұтқын қашып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан 32 жастағы Жандос Ошанаев түрмеден қашып кеткен. Ол Қарағандыда тіркелген. Туыстары Теміртауда тұрады.

 

Бойы – 175 сантиметр. Салмағы – 73 келі. Орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Сол жақ білегінде 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында сақина түріндегі татуировкасы бар.

Сотталғанның мекен жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына түзеу мекемесінің жеке құрамы мен Қарағанды ​​облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы тартылды, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. 

Қызметтік тергеу басталды. Қашқынға жазасын өтеуден жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Төтенше жағдай туғызған лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады.

Кейбіреулеріне салғырттық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Тұтқын үш айдан кейін босатылуы керек еді. Бірақ ол жазасының аяқталуын күтпей, қашып кеткен.

Кімде-кім сотталушының қайда екені туралы мәліметті білетін болса, Қарағанды ​​облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 87212 30 00 21 нөміріне немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз, – делінген хабарламада.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады