«Ұруға жеткізетін әйелдер бар»: «Қалаулым» қатысушысы Ислам Алтайбаев экс-жұбайына қатысты шындықты жайып салды

Аиса Махамбет Редактор
07.06.2024, 19:17
3299
«Ұруға жеткізетін әйелдер бар»: «Қалаулым» қатысушысы Ислам Алтайбаев экс-жұбайына қатысты шындықты жайып салды ашық дереккөзден

Қалың көрерменге “Қалаулым” арқылы танылған жұп Ислам Алтайбаев экс-әйелі Шынар Меджановаға қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер жеке өмірі туралы Анна Данченкоға берген сұхбатында жайып салды. 

“Біз “Қалаулым” басталмай тұрып, қыз бен жігіт болып жүріп кеттік. Эфир басталғанда ешкімге білдірмей үміткер болдық. Бағдарлама студиясында көзбен әдемі қыздарды іздеп тұрғанмын. Бір сағаттан кейін Шынар келді. Көзіме оттай басылды. Кейін елге таныла бастадық. Бір айдай сыр бермей жүрдік. Бірге қаншама уақыт өткіздік. Мен ешкімді жамандамаймын. Бәрібір де ол – менің баламның анасы. Бірақ шеттен шыққан іс-әрекеттері көп болып, үйленгеннен кейін шығара бастады”, – деп әңгімесін жалғастырды Ислам. 

Айтуынша, үйленгеннен кейін бір шаңырақ астында тұру мүмкін болмаған көрінеді. Оған себеп – Шынардың төркінінің жиі араласуы екен. 

“Біреуді кінәлау өте оңай. Ол кісі менің анама қатысты ұнамайтын әңгімелер айтты. Аяғы ауыр кезі, босануға 1 ай қалғанда кетіп қалды. Тапа-тал түсте сөзге келіп қалдық. Қатты ұрыстық. Сол кезде мен шапалақпен тартып, жұлқылағаным рас. Екеуміз қырылып жатқанда ағасы келіп тұр екен. Менің анам екеумізге "қой" деп жүр. Ол ағасын көріп одан сайын жылады. Менің мақсатым Шынардың ағасымен сөзге келмеу болды. Ол қарындасын алып, үйден шығып кетті. Мен ертең келгесін  сөйлесемін деп ойладым. Ағасынан қатты ыңғайсыздандым. Отбасы болғасын бүгін ұрсып, ертең татуласамыз. Анам ашуланып кетіп қалды. Анамның артынан шығатыным хақ қой. Ол ағасы мен жеңгесімен қалды. Ағасы-жеңгесі біздің ұрысқа араласты. Ең қызығы, ағасы үндемей отырып, жеңгесі сөйлесті”, – дейді блогер.

Сонымен қатар желі жұлдызы әйелге қол көтеруге қатысты жеке көзқарасын білдірді.

"Менің бұл пікірім көпке ұнамауы мүмкін. Әйел адамға қол көтеру дұрыс емес қой. Менің де анам бар, қарындасым бар. Бірақ қол көтеруге немесе ұруға жеткізетін қыз-келіншектер бар. Басымнан өткесін айтып отырмын. Ақыл тоқтатқан адам ретінде айтайын. Еркектің ұруы дұрыс емес. Бұл жерде ұру емес, төбелес болды. Мен бас салып төмпештеп ұра беретін, шапалақпен тарта беретін ақымақ емеспін ғой. Қызуқанды болғасын мен тез ашуланып, тез басыламын. Осы мінезіммен де үйлеспегеніміз шығар. Екі жаққа кеттік”, – деді Ислам Алтайбаев. 

«Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: өгей әкесінен зорланған қызға қатысты жаңа деректер пайда болды Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті?