Amanzholov University студенттері су тасқынын алдын-ала ескертетін гидробекет ойлап тапты

08.06.2024, 11:50
753
Amanzholov University студенттері су тасқынын алдын-ала ескертетін гидробекет ойлап тапты Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Онлайн гидробекет су деңгейінің жоғарылауы мен төмендеуін бақылай алады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, судың физикалық және химиялық көрсеткіштерін үздіксіз өлшеуге арналған интеллектуалды онлайн гидробекет су ресурстарының көлемі мен сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Ол су деңгейінің жоғарылауы мен төмендеуін бақылайды. Сондай-ақ судың температурасын, мөлдірлігін және ағын жылдамдығын анықтайды. Мұндай ақпарат су тасқынының алдын алуда пайдасын тигізеді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда қолмен мониторинг жүргізу тәжірибесі кең таралған. Күн сайын таңертең және кешке арнайы маман су объектісіне келіп, деректерді жазып алады. Бірақ нақты әрі дұрыс есеп жасауда бұл әдіс біршама ескірген. Оның салдарынан тасқынға дайын болмау қаупі туындайды», - дейді ШҚУ студенті Рүстем Жұмабек.

Жас өнертапқыштар тобы «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Рүстем Жұмабек, Ералы Сержанұлы және Диас Сағадиев өнертабыстары өзекті проблеманы шешу жолында мол септігін тигізетініне сенімді.

«Құрылғы бірнеше бөліктен тұрады. Атап айтқанда, датчиктен, автономды қуаттау көзінен, басқару блогынан, микрокомпьютер мен деректер түрлендіргішінен тұрады», - дейді Диас Сағадиев.

Жоба жетекшісі IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиканова, ал техникалық кеңесші Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының лекторы Бақытжан Көпжасаров.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды