Министр Алатау қаласы Smart City-ге айналатынын айтты

09.06.2024, 12:32
998
Министр Алатау қаласы Smart City-ге айналатынын айтты ашық дереккөзден

Жұмыс сапары аясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Алатау қаласының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізді. Кездесуге цифрлық даму министрігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алматы облысы мен Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері қатысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халықпен кездесу барысында министр облысты қолжетімді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде IT-саланы дамыту бөлігінде жүргізіліп жатқан жобалармен жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Алатау қаласын флагмандық жобамен айқындады. Дәл осы жерде жетекші халықаралық іскерлік хабқа айналатын жаңа интеграцияланған мегаполис салу жоспарлануда.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Алатау қаласы «Ақылды қала» екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру және автоматтандыру барлық маңызды процестерді қамтиды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар денсаулық сақтау, жол және көлік, қауіпсіздік және басқа да көптеген салаларда қолданылатын болады. Жоғары жылдамдықты интернетті кеңінен енгізу сымды, талшықты-оптикалық және сымсыз қол жеткізу арналарын қамтиды.

«Алматы облысында қазірдің өзінде ақылды технологиялар енгізіліп, «Smart City» тұжырымдамасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында "109" бірыңғайбайланыс орталығы, "Алсеко" бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмыс істейді, барлықавтобустарда электрондық билеттеу жүйесі іске асырылды. Мектептерде қауіпсіздіктіқамтамасыз ету үшін полицияның жедел басқару орталығына кіруді басқару және бақылаукамералары орнатылған», - деді Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ, министр Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі өңірлік Alatau Hub ашу болып табылатынын атап өтті. Ол Astana Hub білім беру және инкубациялық бағдарламаларын тарататын болады. Жақын арада хабта ойын әзірлеу және дизайн негіздері бойынша білім беру курстарын өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 ХҚКО жұмыс істейді, оның ішінде 1 арнайы ХҚКО, 42өзіне-өзі қызмет көрсету секторы және 32 Мемлекеттік корпорацияның БЭК-офисі бар. Айта кетейік, 2023 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының қызметкерлері 798 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 4 айында 295 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен.

«Бүгінгі таңда Алатау қаласы халқының қажеттіліктерін Қазпошта бөлімшесі ішінара жабады, онда 27 қызмет түрі көрсетіледі. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімдікпен бірлесіп Алатау қаласында ХҚКО бөлімшесін ашу мәселесі пысықталды, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін ала алады», - деді Арман Кенжеғалиев.

Сонымен қатар, кездесуге Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов ұялыбайланыс пен интернетті дамыту жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда Алматы облысында384 елді мекен бар, оның ішінде 319 ауыл 4G-ге қосылған.

«Министрлік Алматы облысының әкімдігімен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп 2023-2027 жылдарға арналған байланыс және мобильді интернет сапасын жақсарту бойынша Жол картасын әзірлеп, қол қойды. Сондай-ақ, шекаралас 52 ауылда ұялы байланыс пен Интернеттің сапасын жақсартуға ниетті», - деп атап өтті Ержан Мейрамов.

Сонымен қатар, брифинг барысында министрге облыстың елді мекендеріндегі ұялыбайланыс, интернет, жасанды интеллект, ұялы байланыс туралы сұрақтар қойылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды