Мырзағали Айтжанов: Парижде кемі бір алтын, бір күміс, бір қола алуымыз керек

Аиса Махамбет Редактор
09.06.2024, 19:17
750
Мырзағали Айтжанов: Парижде кемі бір алтын, бір күміс, бір қола алуымыз керек ашық дереккөзден

Бокстан ұлттық құраманың бапкері биылғы олимпиадада кемі бір алтын, бір күміс, бір қола алуды көздеп отырғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасына дайындық туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

"Бірнеше күн бұрын Түркиядан оралдық. Жігіттер жаттықты және демалып қайтты. Күн сайын бір жаттығу жасап, кешке футбол, волейбол ойнап, фитнеспен айналыстық, құмда жүгіріп, теңізге шомылдық. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр, арнайы дайындық жүргіземіз", - деді Мырзағали Айтжанов.

Cондай-ақ бапкер Париж Олимпиадасына қандай жоспар бар екенін айтты.

"Мен кім жүлде алатынын, ал кім алмайтынын айта алмаймын. Әрбірі Олимпиадаға қатысу құқығына еңбекпен қол жеткізді. Бокста әртүрлі жағдайлар болады. Көп нәрсе жеребеге байланысты. Біздің тапсырма – кемі бір алтын, бір күміс, бір қола медаль алу. Бірақ мүмкіндік болса, одан да жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз. Әрбір боксшының медаль еншілейтін мүмкіндігі бар", - деді бас бапкер.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасынатолық құрамда барады. Ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды