Алматыда шетелдіктер заңсыз курьерлік қызмет көрсеткен

Аиса Махамбет Редактор
09.06.2024, 20:30
605
Алматыда шетелдіктер заңсыз курьерлік қызмет көрсеткен ашық дереккөзден

Олар платформаларға қазақстандық азамат деп тіркеліп алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда шетелдіктер заңсыз курьерлік қызмет көрсеткен. Бұл деректерді көші-қон қызметінің қызметкерлері "Заңсыз" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтаған.

"Шетелдік 9 азаматтың көші-қон заңнамасының талаптарын бұза отырып, еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, курьерлік платформалардың бірінде олар қазақстандықтар болып тіркеліп, тауарларды жеткізуге тапсырыстар алды. Сонымен қатар, тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардың өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары болмағаны анықталды.

"Қылмыстың алдын алу туралы" Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес, шетелдік құқық бұзушылар қабылдап-таратуға орналастырылады. Олардың әрқайсысының жеке басын анықтау және одан әрі жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.

Спикер сондай-ақ, "Заңсыз" ЖАІ-ның мақсаты заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сонымен қатар заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу екенін еске салды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды