1035

Қазақстандық спортшы садақ атудан Азия кубогінде жүлдегер атанды

Мерген отандасымыз Ильфат Абдуллин жүлдеге ілікті.

Қазақстандық спортшы садақ атудан Азия кубогінде жүлдегер атанды
Olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогінде Қазақстан құрамасының мүшесі Ильфат Абдуллин күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Olympic.kz жазды. 

Абдуллин классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шығып, Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді. Осылайша, маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді.

Одан бөлек, блоктық садақ атудан Андрей Тютюн Азия кубогінде топ жарып, жеңіске жетті.

Айта кетелік, Ильфат Абдуллин бастаған Қазақстан құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадсында өнер көрсетеді.

Материал авторы