«42 градусқа дейінгі ыстық»: Синоптиктер алдағы күндерге ел аймақтарына арналған ауа райы болжамын жасады

09.06.2024, 21:54
747
«42 градусқа дейінгі ыстық»: Синоптиктер алдағы күндерге ел аймақтарына арналған ауа райы болжамын жасады ашық дереккөзден

Қазгидромет алдағы күндері елміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болатынын мәлімдеді. Республиканың кей аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, жел мен бұршақтың жаууы болжанған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер көптеген облыстарда температура 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 35-42 градусқа дейін көтерілетінін болжаған.

Ұлытау облысында  – күндіз 35-38 градус қатты ыстық болжанған. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында – найзағай болжанған, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында – қатты жаңбыр жауын жауады деп болжануда. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Түркістан облысында – күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.

Павлодар облысында – қатты жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілуде. Солтүстігінде, батыста, оңтүстікте найзағай, тұман болады. 

Шығыс Қазақстан облысында – найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде.

Абай облысында – найзағай болжанған. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп болжануда. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында – 40-43 градус қатты ыстық болады деп болжануда. Облыстың батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында – найзағай болады деп болжануда. 

Ақтөбе облысында – облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында –  облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында – облыс бойынша өрт қаупі жоғары, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталып, тұман болжануда.

Қостанай облысында – қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде батыста, облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ жауады.

Атырау облысында – облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Астанада – жаңбыр мен найзағай болжанған.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады