Қазақ дипломаттарының Лондонда салық төлемей жүргені рас па – СІМ жауабы

10.06.2024, 18:17
669
Қазақ дипломаттарының Лондонда салық төлемей жүргені рас па – СІМ жауабы canva.com

Қазақстан ғана емес, бірқатар елдің елшілігі сол аумақта орналасқан.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Лондон қаласында ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімінде не себепті Қазақстан елшілігінің енгенін түсіндірді.

Transport for London корпорациясының мәліметінше, ұлыбританиялық БАҚ-та шетелдік елшілік қызметкерлерінің Лондонның орталығына көлікпен кіргені үшін алым төлемегені туралы ақпарат жарияланған. Ондағы деректер 2003-2023 жылдар аралығындағы қаражатты қамтиды.

2003 жылдан бастап Ұлыбритания астанасының орталығына (көлікпен) кіру үшін төлем енгізілген. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ғимараты Лондонның орталығында орналасқан. Онда жүргізушілер жұмыс күндері сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс әрі мереке күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін кіру үшін 15 фунт (8537,40 теңге, 1 теңге – 569,16 теңге) төлеуі керек. Демек елшілік қызметкерлерінің өз аумағына баруына төлем салынып отыр. Лондондағы шетелдік дипломатиялық корпустың – сол аумақтағы елшіліктердің жалпы пікірі бойынша, бұл төлем жергілікті салық ретінде саналады, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ресми өкіл 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясына сәйкес, дипломаттардың жергілікті салықтан босатылғанын атап өтті. Сондықтан Transport for London жариялаған ақпаратқа сәйкес, ол жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлға жатпайды.

Басқа да елшіліктер оны төлейміз деп шешсе, онда біз де осы жағын қарастырамыз. Жалпы аталған конвенцияға сәйкес, дипломаттар салық төлемеуі керек. Бұл өз кезегінде айыппұл емес, салық ретінде қарастырылған. Осы ретте Қазақстан ғана емес, бірқатар елдің елшілігі сол аумақта орналасқан. Басқа да елшіліктер бұл алымның заңсыз екенін айтып отыр, - деді ол.

Бұған дейін БАҚ-та Лондон мэриясына қарасты Transport for London мемлекеттік компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімін жариялаған болатын. Елшіліктердің жалпы қарызы – 145 млн фунт. 

Тізімнің көшбасында АҚШ (14,6 млн фунт) тұр. Одан кейін Жапония – 10 млн фунт, Үндістан – 8,5 млн фунт, Нигерия – 8,4 млн фунт, Қытай – 7,9 млн фунт, Ресей – 6 млн фунт, Қазақстан 4,7 млн фунт (шамамен 5,9 млн доллар) төлемеген.

Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген