Қазақ дипломаттарының Лондонда салық төлемей жүргені рас па – СІМ жауабы

10.06.2024, 18:17
635
Қазақ дипломаттарының Лондонда салық төлемей жүргені рас па – СІМ жауабы canva.com

Қазақстан ғана емес, бірқатар елдің елшілігі сол аумақта орналасқан.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Лондон қаласында ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімінде не себепті Қазақстан елшілігінің енгенін түсіндірді.

Transport for London корпорациясының мәліметінше, ұлыбританиялық БАҚ-та шетелдік елшілік қызметкерлерінің Лондонның орталығына көлікпен кіргені үшін алым төлемегені туралы ақпарат жарияланған. Ондағы деректер 2003-2023 жылдар аралығындағы қаражатты қамтиды.

2003 жылдан бастап Ұлыбритания астанасының орталығына (көлікпен) кіру үшін төлем енгізілген. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ғимараты Лондонның орталығында орналасқан. Онда жүргізушілер жұмыс күндері сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс әрі мереке күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін кіру үшін 15 фунт (8537,40 теңге, 1 теңге – 569,16 теңге) төлеуі керек. Демек елшілік қызметкерлерінің өз аумағына баруына төлем салынып отыр. Лондондағы шетелдік дипломатиялық корпустың – сол аумақтағы елшіліктердің жалпы пікірі бойынша, бұл төлем жергілікті салық ретінде саналады, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ресми өкіл 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясына сәйкес, дипломаттардың жергілікті салықтан босатылғанын атап өтті. Сондықтан Transport for London жариялаған ақпаратқа сәйкес, ол жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлға жатпайды.

Басқа да елшіліктер оны төлейміз деп шешсе, онда біз де осы жағын қарастырамыз. Жалпы аталған конвенцияға сәйкес, дипломаттар салық төлемеуі керек. Бұл өз кезегінде айыппұл емес, салық ретінде қарастырылған. Осы ретте Қазақстан ғана емес, бірқатар елдің елшілігі сол аумақта орналасқан. Басқа да елшіліктер бұл алымның заңсыз екенін айтып отыр, - деді ол.

Бұған дейін БАҚ-та Лондон мэриясына қарасты Transport for London мемлекеттік компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімін жариялаған болатын. Елшіліктердің жалпы қарызы – 145 млн фунт. 

Тізімнің көшбасында АҚШ (14,6 млн фунт) тұр. Одан кейін Жапония – 10 млн фунт, Үндістан – 8,5 млн фунт, Нигерия – 8,4 млн фунт, Қытай – 7,9 млн фунт, Ресей – 6 млн фунт, Қазақстан 4,7 млн фунт (шамамен 5,9 млн доллар) төлемеген.

Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады