«5 жыл бойы таяқ жедім»: Меломан тобы әншісінің бұрынғы әйелі жан сырын ақтарды

11.06.2024, 09:04
3301
«5 жыл бойы таяқ жедім»: Меломан тобы әншісінің бұрынғы әйелі жан сырын ақтарды aikyn.kz

Ол «мүгедек болып қалмайын» деген ой келіп, ажырасу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Нұрила Ақберен «Меломан» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлынан ажырасуына не себеп болғанын айтты.

Aikyn.kz хабарлауынша,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған Нұрила Ақберен журналист Анна Данченкоға сұхбат берді.  Ол «мүгедек болып қалмайын» деген ой келіп, ажырасу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

«Алты жарым жылдай бірге өмір сүрдік. Бізге ешкім араласқан жоқ. Ажырасу менің шешімім болды. Екі адамның бірі осы ойға бекінсе, оған үшінші адамның қатысы жоқ. Қазір әйел құқығы қатты қорғалып жатыр. Осыған мен қатты қуаныштымын. Бес жыл үйде отырдым. Бес жыл таяқ жеп өмір сүрдім. Осы аралықта керемет тамақ істеп, үй шаруасымен айналыстым. Бірақ ата-енемен бірге тұрмағандықтан, қандай келін екеніме баға бермей-ақ қояйын», – дейді Нұрила Ақберен.

Оның айтуынша, ажырасқаннан кейін алимент те сұрамаған.

«Үш баламен ажырасып, екі жылдан бері бөлек тұрып жатырмын. Ажырасқаннан кейін балаларға алимент те сұрамадым. Ол кісі тек балабақшасын ғана төлейді. Біздің ортақ келісіміміз осы болған. Одан кейін мүмкіндігінше ақшасы артық қалып жатса беріп тұрады. Өзім еңбекке ерте араласқандықтан, қаржылай тәуелсіз болдым. Декретте отырғандықтан табыс табуды үйреніп алдым. Ақшам болған соң, алиментке басымды ауыртқым келмейді. Соңғы кезде «алиментке беремін-ау» деген ой келіп жүр. Ауызекі келісім ештеңені шешпейді екен. Бәрін заң жүзінде болғанын қалаймын», – деді блогер.

Нұрила Ақберен тұрмыста болған жылдарда күйеуінің қол көтергенін ашық айтты.

«Жеке парақшама шындықты жаза бастағанда ол кісінің туысқандары маған ренжіді. «Елге танымал өнер адамының атына күйе жақтың» деп айыптады. Сол кезде менің намысым мен арымды ешкім ойлаған жоқ. Бәрі балалы болғаннан кейін басталды. Мен жалған үмітпен өмір сүрдім. Адам өзгереді, отбасылық өмір осындай кезеңдерден тұруы керек деп қате түсінік таныттым. Бишімбаевтың ісін көріп отырып, қатты ауыр күйге түстім. Өйткені ешқашан өліп қаламын деп ойламайды екенсің. Соңғы кездегі соққыдан кейін, «мүгедек болып қалмаймын ба, менің кетуім керек» деген ой келді. Шапалақпен ұрдым дегенінің өзі – үш жұдырық. Соны түсіну керек», – дейді Нұрила Ақберен.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды