Алғаш рет қазақстандық ғылыми журнал әлемдегі ең ірі Еlsevier платформасына шығарылады

11.06.2024, 18:56
667
Алғаш рет қазақстандық ғылыми журнал әлемдегі ең ірі Еlsevier платформасына шығарылады gov.kz

Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдерінде алғаш рет «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» ғылыми журналы Digital Commons Elsevier платформасында шығарыла бастады.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Elsevier әлемдегі ең ірі ғылыми баспалардың бірі және дүние жүзіндегі ғылыми журналдардың барлық мақалаларының төрттен бірін шығарады.

«Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде шығарылады. Ғылыми басылымның барлық мақалалары Scopus халықаралық ғылыми деректер базасына да енгізілген. Журнал ядролық физика, жоғары энергия физикасы, баламалы және сутегі энергетикасы, т.б. саладағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы материалдарды қамтиды.

Журналдың халықаралық редакция алқасының құрамына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония, Финляндия, Швеция, Италия, Өзбекстан, Англия ғалымдары, сондай-ақ CERN және Біріккен ядролық зерттеулер институты сияқты әлемдік деңгейдегі ғылыми ұйымдар кіреді.

«Elsevier компаниясы журналды базаға қосу және электрондық нұсқасын шығару туралы бізге ұсыныспен өздері шықты. Elsevier платформасында «Eurasian Journal of Physics and Functional Materials» журналының жариялануы журналдың ғана емес, Қазақстанның бүкіл ғылыми қоғамдастығының дамуы үшін жаңа перспективалар ашады. Бұл Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да және Қазақстанда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер сапасының халықаралық деңгейін мойындау», - деп атап өтті журналдың бас редакторы, ЕҰУ «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және жоғары технологиялар институты» ҒЗИ директоры Қайрат Күтербеков.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады