Кей елдерде адамдар күнге күйіп өліп жатыр

11.06.2024, 19:42
681
Кей елдерде адамдар күнге күйіп өліп жатыр canva

Биылғы жаз басы әлемнің түпкір-түпкіріндегі халықтарға аса жайсыз тиіп жатыр.

Аптап ыстықтан адамдар көз жұмуда. Өзіміздің еліміздің Оңтүстік аймақтарында да күн қатты ысыды. Елдің ең Оңтүстігі деген Мақтаарал ауданындағы қапырық ыстықтан жергілікті тұрғындар мен жолаушылап барғандар өздерін жылыжайдың ішінде жүргендей ыстықтап демігеді.

Синоптиктер алдағы күндері ауа райының ыстықтығы 42 градусқа барады деп болжап отыр. Соны ескеріп ыстықтан сақтанып жүруге кеңес берген болар еді. Себебі Түркістан, Қызылорда облыстарында 42-43 градусқа дейін күн ысиды.

Әлемдегі ыстықтың ахуалына келсек, Мексикада жылдың басынан бері ыстықтан 90 адам көз жұмды деген хабар тарады.

Мексикалық ақпарат құралдары хабарлағандай, Веракрус, Табаско, Тамаулипас, Нуэво-Леон және Сан-Луис Потоси сияқты штаттарда өте жоғары температураның әсерінен қайтыс болғандар саны артып келеді. Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тек 29 мамырдан 5 маусымға дейін 29 адам аптап ыстықтың салдарынан өліп кеткен. Қатты күн өтіп, бастары айналған екі мыңға жуық адам ауруханаларға жүгінді.

Мексиканың  ауа райы қызметі алдағы күндері де өте ыстық болып, жуық арада басылмайтынын айтады. Созылмалы аурулары бар адамдарға белгілі бір сағаттарда қажетсіз далаға шықпауға кеңес беріледі. Мексиканың ұлттық автономиялық университеті мамырдың соңғы 15 күнінде ел тарихындағы ең жоғары температура болғанын айтты. Мексиканың 14 штатында ауа температурасы 40 градустан асады.

Ал Үндістанда ауа температурасы 52 градусқа дейін көтеріліп жатыр. Үндістер ыстыққа қаншалықты төзімді дегенімізбен де 52 градус ыстыққа жан шыдамайтыны белгілі.

Ыстықтың салдарынан ормандарда өрт шығып, ыстыққа төзбеген тұрғындар жаппай естерінен танып жатыр. Үндістан астанасында екі күн бойы аптап ыстық сақталды. Нью-Дели билігі тұрғындарға қалада су жеткіліксіз болуы мүмкін екенін ескертті. Әдетте күніне екі рет су алатын аймақтар енді оны күніне бір рет қана алады. Осы уақытта Үндістанның Джамму және Кашмир штаттарында жоғары температура орман өрттерін тудырды. Қаза тапқандар мен өрттен зардап шеккендер жоқ. 

Тұрғындардың бірі ақпарат құралына «Кешеден бері мұнда өрт өршіп тұр. Өрт әртүрлі жерлерге таралып жатыр. Адамдар тұншығып, көптеген қиындықтарға тап болды. Мамандар бар күш-жігерін салса да, өрт әлі сөндірілмеді», – деді. Үндістанның метеорологиялық департаменті төтенше жағдайдың "қызыл" деңгейін жариялады. Мамандар тұрғындарға көшеге шықпауды ескертіп отыр. Алайда күн сайын ондаған азамат есінен танып ауруханаға түсіп жатыр. Өте маңызды, зәрлі нәрсеге болмаса, өзге себеппен ешкім көшеге шықпайды. Дәрігерлер күн сайын адамдарда миға қан кету жағдайын көріп отыр.

Делиде ауа райына байланысты әсіресе студенттердің жағдайы қиындаған. Олар да есінен танып, ауырып жатыр. Себебі оқу орындарындағы желдеткіштер істен шыққан. Мамандар араб теңізінен салқын жел біртіндеп соғып, ол ауа температураның біртіндеп төмендеуіне әсер етеді деп үміттеніп отыр.

Тайландта да күн өте ыстық. Ыстықтан бір айда Тайландта 30 адам көз жұмды. Таиландтағы аптап ыстық басылмай, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Әсіресе Бангкоктағы панасыз адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар зардап шегуде. Тұрғындар ыстыққа күйіп емес, аштан да өлеміз ба деп алаңдаулы. Өйткені күннің ыстығынан олар көшедегі үйреншікті істерімен айналыса алмай жүр. Далаға таң мезгілінде және түнде ғана бір мезгіл шығу мүмкін. Қалаған уақытта қақыраған ыстық бет қаратпайды. Адамдар басы айналып, тынысы тарылып, көзі қарауытып жатыр.

Бангкокта, сондай-ақ Тайландтың орталық және солтүстік аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асады деген болжам бар. Тұрғындар мен туристерге ашық ауада ұзақ болмау кеңес етіледі.

Биыл өзі жан-жақты жайсыз жыл болып тұр. Көктемде су тасыды. Енді жаз басталмай жатып аптап ыстықтан адам өліп жатыр.

Жаздың көбі әлі алда. Сондықтан біздің еліміз де ыстықтан қорғанатын шараларды жасауы керек. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды