Қазақстан Интерполдың «Күміс бюллетень» жобасын енгізбек – Нұрдәулет Сүйіндіков

12.06.2024, 12:25
745
Қазақстан Интерполдың «Күміс бюллетень» жобасын енгізбек – Нұрдәулет Сүйіндіков видеодан кадр

Қазақстан Интерполдың «Күміс бюллетень» жобасын енгізбек.

Бұл жайында Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Jibek Joly телеарнасының «Қайтарылуы тиіс» деректі фильмінде айтты.

Оның атап өтуінше, аталған жобаның арқасында шетелдегі активтерді тиімді қадағалауға мүмкіндік туындайды. 

«Егер бұған дейін адамға карточка қойылса, ендігі уақытта бұл карточка активтерге орнатылатын болады және де сол активті бүкіл әлем бойынша өзінің шараларымен індетіп отырады. Интерполдың бұл жобасы „Күміс бюллетень“ деп аталады. Ол біртіндеп енгізіледі және біз, Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті аталған жобаны жүзеге асыратын жұмыс тобында өзіміздің жеке мүшелігімізді алдық. Дәл қазір біздің өкіліміз Еуропада жүр. Еуропа кеңесі бізге барып, екі елдің – Швейцария мен Бельгияның активтерді қайтару жөніндегі тәжірибесін зерделеуге көмек көрсетті. Бүгінде шетелден қайтарылған активтерге қатысты цифр – шамамен 700 млн доллар», – деді Нұрдәулет Сүйіндіков. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды