«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті

12.06.2024, 19:49
954
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті

Бас редакторлар клубы – 2007 жылда құрылған және құрамына Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік.

2024 жылдың 12 маусым күні «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті.

Бас редакторлар Клубының негізгі мақсаты – мемлекетте шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті нығайту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.

Есеп беру кездесуінде Клубтың құрылған күнінен бастап атқарған жұмысы мен ұйымдастырған іс-шаралары туралы белгілі журналист, медиаменеджер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай баяндама жасады.

Басқосуда қатысқан әріптестердің сұрақтарына жауап қайтарып, клуб мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.



Кездесу соңында қоғамдық бірлестіктің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері және жаңа мүшелері сайланды.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері – вице президенттері:

1. Мұратбек Тоқтағазин – Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы, профессор;

2. Ринат Кертаев - «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры;

3.Қамбар Ахметов– журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры орынбасары;

4. Марат Башимов – қоғам қайраткері, «Человек и закон»  газетінің бас редакторы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;

5. Нұрбол Төлебаев – «QRNews.kz» ақпараттық агенттігінің бас директоры, Phd докторы;

Клубтың жаңа мүшелері:

Ильхам Ибрагим - «7 арна» бас директоры;

Жайнагүл Төлеміс - «Хабар» телеарнасының директоры;

Жасын Біркенов -  «24KZ» телеарнасының директоры;

Нағашыбек Алдан - «Казинформ» АА бас редакторы;

Нұрбол Төлебаев - QRNews ақпараттық агенттігінің бас директоры;

Зарина Қуатова - «Тараз 24» телеарнасының директоры.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып журналист, медиаменеджер Бибігүл Құламан бекітілді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады