Шілдеден бастап алаяқтардың аударымдарын анықтайтын Антифрод-орталығы іске қосылады

13.06.2024, 15:35
669
Шілдеден бастап алаяқтардың аударымдарын анықтайтын Антифрод-орталығы іске қосылады AP Photo

Енді алаяқтарды қолға түсіру жеделдетіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осы жылдың шілдесінде алаяқтық транзакцияларды анықтап, жедел ден қоятын Антифрод-орталығы іске қосылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің жауабында айтылған.

«Қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Ұлттық банк Мәжілістің депутаттық корпусының қолдауымен 2024 жылғы 21 мамырдағы № 86-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында қабылданған Антифрод-орталықты құру жөнінде заңнамалық түзетулер әзірледі», - деп атап өтеді Тимур Сүлейменов жауабында.

Оның атап өтуінше, Заңды іске асыру мақсатында Ұлттық банк қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасында жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ алаяқтық операцияларға ден қою үшін Антифрод-орталық инфрақұрылымын іске асырады. Орталықтың мынадай міндеттері бар:

- алаяқтық транзакцияларды анықтау және оларға жедел ден қою, оның ішінде олар бойынша қаражатты бұғаттау (транзакцияны бастамалау мен орындаудың барлық кезеңдерінде тоқтата тұру);

- алаяқтық операциялар бойынша қаржы нарығына қатысушылар арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасу;

- алаяқтық операциялардың бірыңғай дерекқорын жүргізу, алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын талдау және қаржы ұйымдардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

«Осылайша, алаяқтық операциялардың белгілері бар азаматтардың шоттарын бұғаттау тетігі Заң жүзінде қалыптасқан деп санаймыз. Қазіргі уақытта Ұлттық банктің еншілес ұйымы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында 13 банктің және «Қазпошта» АҚ-тың қатысуымен тестілік режимде жұмыс істейтін Антифрод-орталық платформасы әзірленді. Алаяқтыққа байланысты инциденттермен жұмыс істеу және қаржы ұйымдарымен ақпарат алмасу бөлігінде жеке функционал әзірленген ішкі істер органдары платформаға қосылу сатысында тұр», - деді ол.

ҰБ төрағасының дерегінше, Антифрод-орталықты өнеркәсіптік енгізу Заң қолданысқа енгізілген сәттен, яғни 2024 жылғы 22 шілдеден бастап жоспарланып отыр.

«Ұлттық банк алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетігін құру мәселесіне басымдық беретінін атап өтеміз. Осыған байланысты Антифрод-орталық базасында алаяқтық қызметті жүзеге асыру әдістерін талдау және заңсыз ойын бизнесі мен есірткі айналымын қоса алғанда, құқыққа қарсы операцияларға қарсы күрес жөнінде пәрменді шаралар әзірлеу жөніндегі құзыреттер орталығы құрылатын болады», - деді Тимур Сүлейменов.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады