Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді

05.06.2025, 15:51
6424
Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді Владимир Смирнов / ТАСС

Ким Чен Ын Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Сергей Шойгумен кездесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньянда Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Сергей Шойгумен кездесіп, КХДР-дің Мәскеуге, соның ішінде Украинадағы соғыста да қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл туралы 4 маусымда Кореяның орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлады.

Ким Чен Ын Ресейдің сыртқы саясаттағы ұстанымын "толық әрі сөзсіз" қолдайтынын атап өтті. Ол Украинадағы соғысты "әділ әрі қасиетті іс" деп атап, Ресейге жеңіс тіледі.

Кездесу барысында тараптар Курск облысындағы әскери операцияларды талқылады. Солтүстік Корея мен Ресей ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл аймақта КХДР сарбаздары Ресей әскерінің қатарында Украина Қарулы күштеріне қарсы ұрыстарға қатысқан. Ресей Қауіпсіздік кеңесі сол операцияда қаза тапқан корей сарбаздарының ерлігін мәңгі есте қалдыру мәселесі де көтерілгенін мәлімдеді.

ЦТАК мәліметінше, екі тарап 2024 жылғы маусымда Путиннің Пхеньянға сапары кезінде қол қойылған стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімге сүйеніп отыр. Құжатта тараптардың біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда, екіншісі әскери және өзге де қолдау көрсететіні көзделген.

2024 жылдың күзіне қарай КХДР әскери қызметкерлері Курск облысына жіберілгені айтылды. Алғашында Ресей билігі бұл ақпаратты теріске шығарған. Алайда 2025 жылғы сәуірде бұл деректі алдымен Ресейдің Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктері, кейіннен президент Путиннің өзі растады.

Сергей Шойгу бұған дейін де Пхеньянға 2023 жылғы шілдеде барған болатын. Сол сапарында тараптар әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылағаны туралы болжамдар айтылған еді.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды