Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды

05.06.2025, 09:48
3999
Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Астана қалалық әкімдігі

Енді шетелде жұмыс істегісі келетін азаматтарға арнайы орталық көмек көрсетеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада еңбек көші-қонын жоспарлайтын азаматтарды кетуге даярлауға арналған жаңа орталық ашылды. Бұл қазақстандықтардың шетелде жұмыс басталар алдында жақсы дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жария етті.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, ол Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығы ғимаратында ашылды. Мұнда азаматтар еңбек көші-қонының құқықтық, мәдени және практикалық аспектілерін біле алады. Тақырыптардың қатарына мигранттардың құқықтары, өзге елге бейімделу, заңды және еңбек қызметтеріне дайындық жатады.

Жобаны Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен, Астана әкімдігімен және Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің (SDC) қолдауымен іске асырды.

Орталықтың ашылуы – ол еңбек көші-қоны қауіпсіздігі және басқарылуы жолындағы маңызды қадам. Біз шетелге жұмысқа баратын әрбір азаматтың өз құқығын білуіне және өзін сенімді сезінуіне ұмтыламыз, - деп атап өтті Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Серхан Актопрак.

Ашылу салтанатына Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Асқарбек Ерсаев, Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Салман Бал, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басқа да өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылуы Орталық Азиядағы басқарылатын еңбек көші-қонын дамыту жөніндегі ХКҰ өңірлік бағдарламасының бөлігі болып саналады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды