БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды

05.06.2025, 12:32
6892
БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды SMARTNEWS.KZ коллажы

Өрт кезінде балалар үйде ересектердің қарауынсыз қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша4 маусым күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында жеке үйден өрт шығып, бір отбасының бес баласы қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде балалар үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Жалын шамамен 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Үй ішіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес баланың мәйітін тапты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар ауруханаға өмір белгілері байқалмай жеткізілген.

«Дәрігерлер бар күшін салды, алайда балаларды аман алып қалу мүмкін болмады», – делінген ресми хабарламада.

Қайтыс болған балалардың жасы – 6, 5, 4, 3 және 2-де.

Өрт сағат 15:56-да толық сөндірілді.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, отбасы бұл үйді жалдап тұрған. Қайғылы оқиға кезінде әкесі жергілікті бос уақыт өткізу орталығында шаруашылық меңгерушісі, анасы ауыл дүкенінде жұмыс істеп жүрген.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды