5286

«Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды

1000 метр тереңдікте ғана тіршілік ететін балықтың жағаға шығуы жұрттың жағасын ұстатты.

«Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды
Sybil Robertson

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тасманияның батыс жағалауындағы Оушен-Бич жағажайында сирек кездесетін, «Ақырзаман» деп аталатын балық жағаға шығып қалған. Оны дүйсенбі күні таңертең ит қыдыртып жүрген Сибил Робертсон байқап қалған.

Робертсонның айтуынша, балықтың ұзындығы шамамен үш метр. Ол бұл жаратылыстың ерекше екенін бірден түсінгенін айтады.

Мамандар бұл теңіз жануарын терең суларда тіршілік ететін, сирек кездесетін түрге жатқызады. Аңыз бойынша, мұндай балықтардың жағалауға шығуы табиғи апаттың белгісі ретінде қарастырылады.

Робертсон бұл туралы Facebook желісіндегі жергілікті топқа фото жүктегеннен кейін ғана балықтың қаншалықты сирек кездесетінін білген.

Фото: Sybil Robertson/Citizen Scientists of Tasmania

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор