SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау порты маңында сапбордпен жүзіп жүрген жасөспірімді Каспий теңізінің ағысы жағажайдан алысқа алып кеткен. Жасөспірім төрт сағат бойы өз бетімен жағаға жетуге тырысқан.
Оны "Теңіз жасағы" АҚ құтқару бөлімшесінің қызметкерлері байқап қалып, дереу құтқару операциясын жүргізіп, жағаға шығарған. Құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп, су берген. Медициналық көмек қажет болмағаны хабарланды.