«Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

05.06.2025, 11:48
6428
«Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Михаил Метцель / ТАСС

Қос басшы аяқасты телефон арқылы байланыс орнатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі кешке телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақ үй мен Кремль хабарлады.

Трамп әңгіме «жақсы өткенін», бірақ «жедел бейбіт келісімге әкелмейтінін» мәлімдеді. Оның айтуынша, Путин Ресей аэродромдарына жасалған шабуылдарға жауап беретінін қатаң түрде ескерткен.

«Президент Путин бұған өте нақты жауап беретінін айтты», – деді Трамп. Сонымен қатар, екі ел басшылары Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздерді де талқылаған.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, қос тарап америкалық-ресейлік ынтымақтастықты қалпына келтіру мәселелерін қарастырған.

«Президенттер әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор екенін атап өтті», – деді Ушаков.

Оның сөзінше, Трамп Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерде Ресейдің ықпалы қажет болуы мүмкін екенін білдіріп, Мәскеуден бұл бағытта қолдау сұраған.

Сондай-ақ, Украина мәселесі бойынша жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаластық жасалған. Тараптар Ресей аэродромдарына жасалған дрон шабуылдарын да талқылаған. Ушаковтың айтуынша, АҚШ бұл операция туралы алдын ала хабарланбағанын Трамп ерекше атап өткен.

Бұған дейін Путин Украина билігін "терроризмге" барды деп айыптап, келіссөздерді тоқтататынын ескерткен еді. Ол Курск пен Брянск облыстарындағы көпірлердің жарылуын террористік акт ретінде сипаттады.

«Террорға сүйенетіндермен қандай келіссөз жүргізуге болады?» – деді Путин.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Стамбулда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің екінші раунды өткен. Нақты нәтижеге қол жеткізілмегенімен, тараптар тұтқындармен алмасуға келіскен. Украина делегациясы Ресейге күштеп әкетілген балалардың тізімін тапсырған.

«Бұл – Ресей заңсыз депортациялаған жүздеген бала. Енді жауап күтеміз. Доп – Ресей алаңында», – деп жазды Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды