Жастарға жалға берілген пәтерлер олардың жеке иелігіне өте ме? Премьер–министр жауап берді

13.06.2024, 15:58
856
Жастарға жалға берілген пәтерлер олардың жеке иелігіне өте ме? Премьер–министр жауап берді iStock

Қанат Бозымбаев бес жылдан бері жастар өз баспанасына ақша жинап үлгеруі керек еді деген пікірге тоқтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, үкімет тарапынан жастарға жалға пәтерлер берілген еді. Сол пәтерлерді қолжетімді бағада жалға алған жастар сол үйлерді өз иелігіне алғысы келетінін білдірген еді.

Сонымен жұмыс істейтін жастарға жалға алған пәтерлерін сатып алу құқығы беріле ме? Мәжіліс депутаттары тарапынан жолданған бұл сауалға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жауап берді.

«2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер беру тетігі жұмыс істейді. Механизмнің мақсаты - жастарға тұрғын үй сатып алуға қаражат жинауға мүмкіндік беру және оларды қаражатты ұқыпты жинауға ынталандыру. Сондай-ақ, жалға алушылардың жиі ауысуы және жаңа жалға берілетін пәтерлер салу есебінен бұл тетік тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барынша көп санын қамтуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн», - деді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, осы тетікті одан әрі іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға аталған қалаларда қосымша 9 мың жалға берілетін пәтер (жыл сайын 3 мың пәтер) сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 96,9 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу жоспарланған.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы кезеңде Үкімет жастарға жалға берілетін пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесін қарастырылмайды», - деді Қанат Бозымбаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды