«Жылатқаным үшін өзімді кешірмеймін»: Медеу Арынбаев марқұм әйелінің соңғы сәттерін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
13.06.2024, 19:57
3227
«Жылатқаным үшін өзімді кешірмеймін»: Медеу Арынбаев марқұм әйелінің соңғы сәттерін есіне алды бейнежазбадан алынған кадр

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Медеу Арынбаев өмірден ерте кеткен марқұм жарын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Podcast Urpaq арнасына сұхбат беріп, осыдан 14 жыл бұрын дүниеден озған әйелін есіне алды. 

“2010 жылы дүниеден озды. Дүние төңкеріліп кеткендей болды. Қыз күнінен қан қысымы төмен болатын. Сол дерт алып тынды. Ұлым – 10 жаста, қызым – 8 де еді. Мен студьяға кеткенмін. Үшеуі үйде қалған. Жаңа жылдың басы болатын. Бір күні үйге келсем, әйелім құлап жатыр. Балалар қорқып кеткен, жылап отыр. Сол кезде жедел жәрдемді қалай шақыратынын да білмейтінімді түсіндім. Менің міндетім – тек ақша табу. Қалғанын Айгүл реттеп отыратын. Кешқұрым сәт болғасын, Алматының кептелісі басталған. Бір сағаттан кейін жедел жәрдем келді. Жарымнан мәңгіге айырылып қаламын деп ойламадым. Ауруханаға алып кеткеннен кейін, телефонмен сөйлестік. Дәрігерлер де “емін алғаннан кейін, үйге қайтады” деді. Соған сендім. Өзімен де телефонмен сөйлесіп, “балалар шошып қалған жоқ па, балаларды өзіңе тапсырдым” деп айта берді. Түнгі 11-де жағдайы күрт нашарлап, содан оянбады. Әлі күнге дейін жарымның дүниеден өткеніне сене алмаймын”, – деді әнші. 

Өнер иесі тұрмыс болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтынын айтып, өмірінде бірінші рет жекіп қалғанын жасырмады. 

“Өмірінің соңғы кезеңінде қатты құлазып жүрді. Екеуміз орысша сөйлесетінбіз. “Бәрі жақсы менде, балаларға қамқор болшы. Біздің балаларымыз әлемдегі ең әдемі балалар” деп айта беретін. Сол кезде-ақ маған ақырындап балаларды тапсыра берген екен ғой. Қазір ойлап отырсам, ештеңе бас ауыртпағанмын. Ол кісінің мамандығы – скрипкашы. Менің табысым жетіп артылса да, жұмыс істегенді жақсы көрді. Бір күні үйге шаршап келгенде тамақ дайын болмапты. Сол кезде дауыс көтердім. Тамақ үшін емес, жұмыс істеп жүргеніне ашуландым. “Менің тапқаным жетіп жатыр, не жетпейді саған?!” деп айқайға бастым. Сосын балаларды киіндіріп, шығыс асханасынан кешкі ас іштік. Лифтіде тұрған уақытта көзінен жас шығып, жылап тұрғанын көрдім. Сол әрекетім үшін өзімді ешқашан кешірмеймін”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды