Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты

Азиз Қалижан Редактор
06.06.2025, 17:49
1937
Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты бейнежазбадан

Ет сатып алушының үйінен 193 келі есек еті мен 60 келі белгісіз ет табылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ахангаран ауданының соты Ташкенттегі қоғамдық тамақтану орындарын есек етiмен қамтамасыз еткендерге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Айыпталушылардың екеуі – 2 жылға бас бостандығынан айырылса, үшіншісі – 3 жыл 8 айға бостандығы шектелді.

Podrobno.uz сайтының қолындағы қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сот алдында үш адам жауап берді. Олардың бірі — есек сойып, етін сатқан, ал екеуі — сол етті сатып алған.

2025 жылдың қаңтарында Ахангаран ауданында жедел іс-шара кезінде тәртіп сақшылары иесіз ғимараттан 23 тірі және 15 сойылған есекті тапқан. Екі күннен кейін 200 келі ет тасымалдап бара жатқан ер адам ұсталды. Ол етті 1 келісін 20 мың сумнан сатқанын және желтоқсаннан бері осындай іспен айналысып жүргенін мойындады. Осы уақыт ішінде ол 57 есек сатып алып, соның 32-сін сойып сатқан.

Оның айтуы бойынша, Мирабад ауданында ет сатып алушы ұсталып, одан 193 келі есек еті және үйінен 60 келі белгісіз ет табылған. Тергеу барысында бұл ет Паркент ауданындағы самса сататын дәмханада қолданылғаны анықталды.

Тексеру кезінде сол жерден 20 келі күмәнді ет және 5,5 келі маринадталған өнім табылды. Сараптама олардың сальмонелла мен ішек таяқшасымен уланғанын көрсетті.

Бастапқыда сатып алушы еттің қайдан шыққанын білмегенін айтқанымен, кейін сатып алғанын мойындады. Оның әкесі де самса пісіру үшін осы етті қолданғанын растады. Айтуынша, ол етті "Куйлюк" базарынан сатып алған.

Сот сатушы мен сатып алушыны адам денсаулығына қауіпті өнімдерді дайындап, сатқан деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сатып алушының әкесі 3 жыл 8 айға бостандығы шектелді. Барлығы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

Айта кетейік, жылдың басында әлеуметтік желілерде канал жағасында жатқан есек өлекселері түсірілген видео тараған. Куәгерлер 13 өлексе санаған.

Осыдан кейін құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, қараусыз қалған фермада есек соятын жасырын цехты тапқан. Онда көптеген өлекселер мен тағы 25 тірі есек болған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды