SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада автобустың қатысуымен болған апатта ауыр жарақат алған 7 жасар қыздың жағдайы белгілі болды. Қазір Алуа Бекен ауруханада, екі аяғы ампутацияланған.
Алуа биыл бірінші сыныпты бітірген. Қыз баланың отбасы айтуынша, ол жазғы демалысын әжесінің үйінде өткізген. Сол күні олар бірге Мегаға серуендеуге және ағасын автовокзалдан қарсы алуға кеткен. Апат болған автобуста отбасы бірге қайтып келе жатқан.
Әжесі Жаухар Зейкеновнаның сөзінше, автобус Республика даңғылына бұрылар кезде бағанаға соғылып, соққыдан әже алдыдағы терезеден ұшып кеткен.
"Есімді жыя сала немеремді іздедім. Ол темірге қысылып қалған екен. Оны құтқарып жатқан еді, әрі қарай ештеңе есімде жоқ," — деп жылады әже.
Апатта әйел де жарақат алған.
Отбасы Егiндiкөл ауылында тұрады, жеті баланың анасы Махаббат Төлеубекованың айтуынша, қызын ұзақ емдеу және оңалту күтеді, бірақ қаржы жетіспейді.
"Қызымды қалалық емханада бақылауда ұстау керек, протез қажет. Мен ауылда балабақша мен дүкенде жұмыс істедім, бірақ қазір жұмыстан шықтым, себебі қызыма күтім жасауға тура келеді. Өз баспанамыз жоқ, уәде етілген өтемақыны да алған жоқпыз," — дейді анасы.
Қазір отбасы Алуаның емделуі үшін қаражат жинап жатыр. Байланыс телефоны: +77752323097.
RUS