780

ҚМА Тайландтан есірткіні пошта арқылы жөнелту әрекетін тоқтатты

787 гр марихуана және есірткі заттарын тапсырыс берген.

ҚМА Тайландтан есірткіні пошта арқылы жөнелту әрекетін тоқтатты
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тайландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен «DHL» курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп тоқтатты.

ҚМА Астана қ. бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен «DHL» уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 кг каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

4 күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Материал авторы